UFC: ауыр салмақта жаңа абсолютті чемпион анықталды

22.06.2025, 12:17

Бұл титулды ол жекпе-жек өткізбей-ақ иемденіп отыр

UFC: ауыр салмақта жаңа абсолютті чемпион анықталды
UFC

32 жастағы ағылшын спортшысы Том Аспиналл ауыр салмақта UFC ұйымының жаңа абсолютті чемпионы атанды.

Аспиналл бұл атаққа америкалық Джон Джонстың кәсіби мансабын аяқтағаны белгілі болғаннан кейін қол жеткізіп отыр. Джонстың спорттан кететінін UFC президенті Дана Уайт Бакуде өткен турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Джон Джонстың аралас жекпе-жектегі көрсеткіші – 28 жеңіс пен 1 жеңіліс. Джонс 2024 жылғы қарашада Нью-Йорктегі UFC 309 турнирі аясында өткен өзінің соңғы айқасында отандасы Стип Миочичпен кездесіп, өз атағын сәтті қорғаған.

Том Аспиналлдың еншісінде 15 жеңіс пен 3 жеңіліс бар. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың шілдесінде өткізіп, Кёртис Блэйдсті жеңген еді. Ал UFC-дегі көрсеткіші — 8 жеңіс, 1 жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам