ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Шешеннің ММА спортшыларына Рамзан Қадыровтан жағымсыз жаңалық жетті

14.07.2025, 10:13

Үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің рухына арналды.

Шешеннің ММА спортшыларына Рамзан Қадыровтан жағымсыз жаңалық жетті
vk.com/ramzan

АСА президенті Магомед Бибулатовтың айтуынша, Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров АСА 189 турнирінде шешен спортшыларының өнеріне көңілі толмаған.

Бұл турнир 11 шілде күні Грозный қаласында өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Абдул-Азиз Абдулвахабов атағын төртінші мәрте қорғап, екінші раундта Али Баговты нокаутқа түсірді.

«АСА 189 турнирінде біз арнайы шешен спортшыларын басты кардқа қойдық. Өз міндетімді орындадым: аренаны ұйымдастырдым, қарсыластарын таптым, бәрімен келісімге келдім.Жекпе-жектер қызықты өтті, бірақ басты кард күткендей болмады. Бұл менің ғана ойым емес, бұл – Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың пікірі. Ол спортшылардың өнеріне көңілі толмады. Республика басшысы олардың жағдайы үшін бәрін жасап отыр. Сондықтан спортшылар барын салып күресуі керек еді», – деді Бибулатов MMA.Metaratings.ru порталына берген сұхбатында.

АСА-ММА порталындағы мәліметке сәйкес, аралас жекпе-жектен өткен АСА 189 турнирі осы жылдың наурыз айының басында қайтыс болған үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің рухына арналды.

Турнир жеңімпаздары 5 мыңнан (6 млн теңге) 100 мың АҚШ долларына дейін (52 млн теңге) сыйақы алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам