Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Шавкат Рахмонов жұбайының сотына барды ма? Жеке бапкері мәлімдеме жасады

06.08.2025, 12:49

Эдуард Базров желідегі видеоның жалған екенін айтты

Шавкат Рахмонов жұбайының сотына барды ма? Жеке бапкері мәлімдеме жасады
Коллаж 1bol.kz

Әлеуметтік желілерде танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонованың сотына келгені туралы бейнежазба таралып, қоғамда қызу талқыланды.

Әлеуметтік желідегі видеоларда Рахмоновтың жұбайының сот процесіне қатысу үшін келгені айтылған. Бұл мәліметке сенген қолданушылар оның жеке өміріне қатысты түрлі пікірлер білдірді.

Алайда Шавкат Рахмоновтың жеке жаттықтырушысы Эдуард Базров бұл видеоның жалған екенін мәлімдеді.

«Бұл видео Конаев қаласында түсірілген. Шавкатты сол жерде прокуратура өкілдері кездесу үшін шақырған. Ал желіде тарап жатқан бейнематериал шындыққа сәйкес келмейді, ол – монтаждалған жалған видео», – деп түсіндірді Эдуард Базров Tengri Sport тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, бұған дейін Рахмоновтың жұбайы мен баласы жол апатына түскені мәлім болған. 2025 жылғы 27 шілдеде Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігі аударылып, екі адам қаза тапты.

Полицияның ресми мәліметінше, көлікті басқарған жүргізуші Гулайым Рахмонова рульге ие бола алмай, көлік апатына ұшыраған. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 2

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам