Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Полиция Шавхат Рахмоновтың әйелін қалай тергейтінін айтты

06.08.2025, 16:18

Жол апатынан екі адам көз жұмған еді

Полиция Шавхат Рахмоновтың әйелін қалай тергейтінін айтты
әлеуметтік желі

Шавхат Рахмоновтың әйелі күдікті емес куәгер ретінде тергелетін болды. 

UFC октагонында ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонова жол апатына байланысты тергеуге алынған. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам көз жұмған. Құқық қорғау органдары оны қорғау құқығы бар куәгер ретінде тіркеген.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір азаматшадан қорғау құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Ол Алматыдағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу шараларының қорытынысына сәйкес оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деді Жамбыл облыстық полиция департаменті

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонованың сотына келгені туралы бейнежазба таралып, қоғамда қызу талқыланды.

Әлеуметтік желідегі видеоларда Рахмоновтың жұбайының сот процесіне қатысу үшін келгені айтылған. Бұл мәліметке сенген қолданушылар оның жеке өміріне қатысты түрлі пікірлер білдірді.

Алайда Шавкат Рахмоновтың жеке жаттықтырушысы Эдуард Базров бұл видеоның жалған екенін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам