Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Шавкат Рахмонов тағы бір қарсыласынан айырылды

12.08.2025, 15:37

Шон Брэди ашық түрде Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді

Шавкат Рахмонов тағы бір қарсыласынан айырылды
Коллаж 1bol.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінде рейтингтің екінші сатысында тұрған Шон Брэдимен жекпе-жек өту ықтималдығына қатысты өз ойын білдірді. Бұл жайында «Спорт Шредингера» басылымы жазды.

Бұған дейін Шон Брэди ашық түрде Рахмоновты жекпе-жекке шақырып, айқасты биыл қараша айында өткізуді ұсынған еді. Кейін бұл кездесудің ұйымдастырылып жатқаны жөнінде түрлі ақпарат тарады. Осыған байланысты Базровқа «Ресми ұсыныс түсті ме?» деген сауал қойылды.

«Жоқ, бұл жөнінде бізде ешқандай ақпарат жоқ. Әрине, оның басқа қарсыласы болуы әбден мүмкін», — деді Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді жеңген болатын. Ал Шон Брэди биыл наурыз айында бұрынғы чемпион Леон Эдвардсты мерзімінен бұрын жеңді. Мамырда Шавкат аяғынан жарақат алып, сол кездегі чемпион Белал Мұхаммедке қарсы титулдық айқастан бас тартуға мәжбүр болды.

Қазіргі таңда UFC жартылай орта салмақ белбеуінің иегері — австралиялық Джек Делла Маддалена. Ол бұл атақты Белал Мұхаммедтен жеңіп алған еді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам