Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Жағдай өте ауыр»: Эдуард Базров Шавкат Рахмоновтың болашағы туралы айтты

13.08.2025, 10:22

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізген

«Жағдай өте ауыр»:  Эдуард Базров Шавкат Рахмоновтың болашағы туралы айтты
Getty Images

DAR PRO Team бас бапкері Эдуард Базров шәкірті Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. Жуырда қазақстандық UFC файтерінің отбасында ауыр жағдай болғаны белгілі. Бұл туралы Legalbet.kz жазды.

Журналистердің «Шавкат 2025 жылдың соңына дейін октагонға оралуы мүмкін бе?» деген сұрағына Базров былай жауап берді:

«Шавкатқа қатысты нақты бір нәрсе айта алмаймын. Бір ғана нәрсені айта аламын – ол жаттығып, дайындалып жүр. Әрине, жағдай өте ауыр… Психологиялық тұрғыдан да өзіңді жұмысқа бейімдеу қиын. Бірақ Шавкат – мінезі мықты жігіт», – деді бапкер.

Базровтың айтуынша, Рахмонов залға келіп, мүмкіндігінше жаттығуларын жалғастыруда.

«Алдағы уақытқа болжам жасай алмаймын. Не боларын білмеймін. Мұндай жағдайда әр адам әртүрлі әрекет етуі мүмкін. Бүгінгі жағдайды ғана айта аламын – ол дайындалып жүр. Ал әрі қарай не боларын бір Алла біледі», – деп түйіндеді Эдуард Базров.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді жеңген болатын. Жақында UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінде рейтингтің екінші сатысында тұрған Шон Брэди отандасымызды жекпе-жекке шақырып, жауап ала алмаған.

Еске сала кетейік,  27 шілде күні Гүлайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға жолға шыққан. Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлікті өзі тізгіндеген. Көлік Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсуек ауылының маңында аударылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам рөлге ие бола алмаған.

Апат салдарынан 39 жастағы жолаушы З.А. оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы 35 жастағы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына жетпей, жолда қайтыс болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулану 4
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам