Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әліби Ыдырыс - Джозеф Моралес жекпе-жегін қашан, қай жерден көреміз?

Бүгін, 21:21

The Ultimate Fighter тарихына енген алғашқы қазақстандық спортшы.

Әліби Ыдырыс - Джозеф Моралес жекпе-жегін қашан, қай жерден көреміз?
Chris Unger/Zuffa LLC

Жексенбі, 17 тамыз күні, таңертең АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінде қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10-0) пен америкалық Джозеф Моралес (12-2) октагонда өзара кім мықтыны анықтайды.

Ыдырыс - Моралес жекпе-жегінің тікелей эфирі Астана уақытымен сағат 03:00-де басталып, UFC-дің ресми сайтында көрсетіледі. 

Айта кетейік, Әліби Ыдырыс бұл турнирге шартты түрде қатысып отыр. Егер ол алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе, промоушнмен келісімшартқа отырады. Бұл – The Ultimate Fighter турнирінің финалы.

Әліби өзінің соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың мамырында өткізіп, бірінші раундта бразилиялық Эдилсон Сантос Жуниорды (9-3) техникалық нокаутпен жеңген. Ал Моралес соңғы рет 2023 жылдың ақпанында өнер көрсетіп, отандасы Энтони Дуны (9-8) үшінші раундта сабмишнмен ұтқан.

Әлібидің сөзіне қарағанда, өзінің басты арманы – жастарға мүмкіндіктердің мол екендігін көрсету.

Айта кетейік, Әліби Ыдырыс – The Ultimate Fighter тарихына енген алғашқы қазақстандық спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам