
Ең тиімді қарсылас - Шон Брэди.
Қазақстандық жаттықтырушы Азиз Разыев UFC-де Шавкат Рахмонов үміткерлік жекпе-жегінде кіммен төбелескені қызық болатынын айтты.
«Шавкатқа Иэн Гэрримен айқас қажет емес, ол оны бір рет жеңген. Камару Усман - ардагер спортшы әрі бұрынғы чемпион, онымен жақсы чек үшін ғана жұдырықтасуға болады. Эдвардс қатарынан екі жекпе-жекте жеңілді, қазір қызықсыз. Белалды қарастыруға болады, олардың өзара тарихы бар, бірақ Шавкат оны еш қиындықсыз жеңеді. Мұның бәрі Рахмоновтың дайындығына байланысты. Ең тиімді қарсылас - Шон Брэди. Ол мықты спортшы, қатарынан соңғы төрт айқасында жеңіске жетті. Рахмонов та әлі жеңілмеген. Бұл титул үшін айқасқа дейінгі пайдалы әрі жұрттың қызығушылығын тудыратын жекпе-жек болар еді», - дейді Разыев.
Айта кетсек, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінде үшінші орында тұр.
Еске сала кетейік, Азиз Разыев бұған дейін UFC жұлдыздары Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев өнер көрсететін «Dar Team» командасының бас бапкері болған.