Күрестен ел чемпионатын көруге келген журналисті ұйымдастырушылар күшпен шығарып жіберген

Telegram WhatsApp

Журналист Аслан Каженов біраз уақыттан бері ел спортына легионер тарту мәселесін көтеріп, сынап келеді

Facebook
Facebook

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Аталған жарысқа көрермен ретінде келген спорт журналисі Аслан Каженовті ұйымдастырушылар күшпен шығарып жіберген. Ал, бейнекамераға түсірген кадрларын смартфоннан өшіртіп тастапты. Бұл туралы Каженовтің өзі Facebook-парақшасында жазды.

Журналист бұған дейін қазақ күресінде легионерлердің көбейіп кеткенін айтып дабыл қаққан. Осы жолы Қазақстан азаматтығын алған сол шетелдік балуандардың өнерін көруге келген екен.

«Келімсектерді өз көзіммен көрейін деп жекпе-жек сарайына арнайы бардым. Финал алдындағы бірер сағаттық үзіліс екен. Осы фотоға түсіп үлгергенім жоқ, басы-қасында  жүргендер қуып шықты. Тура мағынасында қуып шықты. Қасымдағы әріптесім сол сәтті телефонға түсіргісі келген еді. Оның ұялы құрылғысын тартып алды. Ішіндегі видеоны тазалады. Не масқара мынау? Не әрекет бұл?»

деп жазды ол әлеуметтік желіде

Ол өз жазбасында Мәжіліс депутаты – Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановқа үндеу жасаған.

«Кеше Мәжілісте спортқа қатысты заң жобасы талқыланды. Ашығын айтайын, сізден үлкен үміт күттім. Өйткені, басқа-басқа, отандық спорттың былығы мен шылығын бетіне шығарып, реттеуді ұсына алатын санаулы адамдардың бірісіз. Мәлімдемеңізден кейін әлгі үміт су сепкендей басылды. Букмекерлік компанияға қатысты «не от хорошей жизни» деген пікір білдірдіңіз. Қаржының тапшылығымен түсіндірдіңіз. Күрес федерациясына былтырдың өзінде мемлекеттен 150 миллион теңгеден аса қаржы бөлінген. Оны қайда жұмсадыңыз? Есебін кім береді? Оның өзі жеткіліксіз бе? Ашық айтсаңызшы. Ал, енді жеткілікті болса, онда неге федерация ОЛИМПБЕТ-пен келімшарт жасасты?»

деді А.Каженов Дәулет Тұрлыхановқа

Еске салайық, осы аптада Мәжіліс депутаттары елде букмекерлік кеңселердің жарнамасы қаптап кеткенін, футболдан Премьер-лиганың атауы «OLIMPBET» деп аталатыны ақылға қонбайтынын айтып, Спорт министрінен жағдайды реттеуді талап еткен болатын.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 847 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 483 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 540 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 157 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 270 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 806 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 316 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 471