Ақтық сында Иран спортшысы Мохаммад Ализадехтен басым түсті
Таеквондодан Найробиде (Кения) өткен U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады.
Жарыстың шешуші күнінде 87 келідегі Батырхан Төлеуғали финалға дейін жетіп, ақтық сында Иран спортшысы Мохаммад Ализадехтен басым түсті.
Отандасымыз чемпионат барысында Фотиос Домпас (Грекия), Джоб Стюарт (Аустралия), Владислав Будиннен (бейтарап спортшы) айласын асырды.
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали 2024 жылы Париж Олимпиадасында 80 келіде бақ сынаған еді.
3-6 желтоқсан аралығында жалғасқан жаһандық додада Қазастан сапынан Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін алса, Тамирлан Тілеулес қола жүлдені еншілеген еді.