Финал бүгін кешірек өтеді.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы блицтен әлем чемпионатының финалына алғаш болып жолдама алды. Жартылай финалда ол Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді айқын басымдықпен жеңіп, үш партияда қарсыласынан үстем түсті – 3:0.
Екінші жартылай финалда Украина шахматшысы Анна Музычук пен Нидерланд өкілі Элин Руберс арасындағы кездесу тартысты өтіп, Музычук төрт партия қорытындысында жеңіске жетті – 2,5-1,5.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион еуроны құрайды. Жарыс блиц форматы бойынша, яғни 3+2 (үш минут және әр жүріске екі секунд қосылады) жүйесінде өтуде. Әлем чемпионаты 30 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Әйелдер арасындағы блицтен әлем чемпионатының финалдық кездесуі бүгін кешірек өтеді.