Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Франциялық бапкер қысқы олимпиадада 13 елдің 16 спортшысын қатар жаттықтырып жүр

14.02.2026, 17:55

Бір бапкер бірнеше елдің намысын қорғап жүр

Франциялық бапкер қысқы олимпиадада 13 елдің 16 спортшысын қатар жаттықтырып жүр
BBC

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жарыстар барысында жанкүйерлер ерекше көрініске куә болды. Франциялық танымал бапкер әрі хореограф, 38 жастағы Бенуа Ришо әртүрлі ұлттық құраманың күртесін киіп шықты.

Ришо бұл Олимпиадада бір мезетте 13 елдің намысын қорғайтын 16 спортшымен жұмыс істеп жатыр. Тек ерлер арасындағы қысқа бағдарламада оның жеті шәкірті мұз айдынына шықты. Алайда ресми кестеде ол небәрі төрт спортшының ғана бапкері ретінде көрсетілген.

Кейбір шәкірттері бірінен кейін бірі өнер көрсеткендіктен, бапкерге киімін жылдам ауыстыруға тура келді. Мәселен, франциялық Адам Сяо Хим Фа мен грузиялық Ника Эгадзе 25 және 26-нөмірлермен қатар шыққан. Осы аралықта Ришо бір құраманың күртесін шешіп, екіншісін киіп үлгеруі қажет болды.

Жексенбі күнгі командалық турнирде де ол алдымен Грузия құрамасының күртесімен Эгадзені қолдаса, араға небәрі 15 минут салып Канада құрамасының киімін киіп, Стивен Гоголевке жанкүйер болды.

Нәтижелер әртүрлі болғанымен, Сяо Хим Фа қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында келеді және жұма күні өтетін еркін бағдарламада жүлде үшін таласады.

Ришо мұндай жұмыс үлкен ұйымшылдық пен эмоциялық тұрақтылықты талап ететінін жасырмайды. Бір спортшы сәтсіз өнер көрсетіп, келесісі керемет нәтиже тіркесе, қарама-қарсы сезімдерді бір сәтте ауыстыру оңай емес. Оның айтуынша, егер шәкірттері үнемі бірінен кейін бірі шықса, бұл тіпті ауыр болар еді.

Бапкер әзілдеп, бұрын үнемі қара түсті киім киетінін, ал қазір түрлі түсті ұлттық күртелермен жиі көзге түсетінін айтады. Жылдам ауыстырып үлгеру үшін ол күртелерін алдын ала спортшылардың киім ауыстыратын бөлмелеріне қалдырып кетеді. Кей жағдайда ұлттық құрамалардың менеджерлері мен жетекшілері де көмектесіп, қажетті сәтте күртені қолына ұстата қояды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам