Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан азаматтығын алған танымал кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне қымбат көлік сыйлады

14.02.2026, 22:38

Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісін жоғары бағалады

Қазақстан азаматтығын алған танымал кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне қымбат көлік сыйлады
Threads

Қазақстандық кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Threads желісінде жазып, қазақстандық спортшының жеңісін жоғары бағалады.

Кәсіпкердің айтуынша, ол чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 автокөлігін тарту етпек. Көлік қазірдің өзінде Audi Almaty орталығында иесін күтіп тұр.

«Михаилға осы қуаныш пен мақтаныш сезімі үшін рахмет. Бұл – шабыт беретін, ерекше стильдегі алтын жеңіс. Осы табыстың бастауында тұрған адамға алғыс ретінде сый жасағым келеді. Мен Audi Q8 көлігін чемпионның әкесіне тарту етемін», – деді Томский.

Ол сондай-ақ Шайдоровтың әкесі ұлының арманы үшін кезінде өз көлігін сатып жібергенін еске салды. Станислав Александрович Михаилдың алғашқы бапкері болған.

«Бір кездері ол ұлының арманы үшін өз көлігін сатты. Бүгін сол арман алтынға айналды. Енді бұл көлік – ортақ ризашылығымыздың символы болсын», – деп жазды кәсіпкер.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Бұған дейін Димаш Құдайберген спортшыға көлік сыйлайтынын мәлімдеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам