Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Менің Ресейге түк қатысым жоқ, бұл – маған деген құрметсіздік - Шайдоров

Бүгін, 08:39

Мен Алматыда дүниеге келдім.

Менің Ресейге түк қатысым жоқ, бұл – маған деген құрметсіздік - Шайдоров
Сали Сабиров/ҰОК

Миландағы қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров кейбір БАҚ-та оның «шығу тегі ресейлік» деп жазылуына қатысты пікір білдірді.

Спортшының айтуынша, оны ресейлік спортшы деп атау – өзін құрметтемеумен тең.

2024 жылдың соңында Гран-при кезеңіндегі сәтті өнерінен кейін кейбір басылымдар Михаил Шайдоровты «ресейлік спортшы» деп атап кеткен. Миланда өткен Олимпиадада алтын жүлде алғаннан кейін де осындай ақпараттар қайта тараған.

Осыған байланысты Шайдоров былтыр қаңтарда Sport+ арнасындағы «Тікелей әңгіме» бағдарламасында өз позициясын нақты білдірген.

«Мен Алматыда дүниеге келдім. Сонда өстім және қазір де сол қалада тұрамын. Уақытымның басым бөлігін Қазақстанда, өзімнің сүйікті қаламда өткіземін. Алайда мәнерлеп сырғанауды мен «Рамстор» сауда орталығындағы мұз айдынында бастадым. Сол жерде көптеген спортшы, соның ішінде Денис Тен де жаттыққан.Ресейде де көп уақыт болып, оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Бірақ соңғы уақытта қиындықтар туып, қазір көбіне Алматыда жаттығып жүрмін.Мені ресейлік спортшы деп атап жүргендерді де көрдім. Алайда мұны маған деген құрметсіздік деп есептеймін», – деді Михаил.

Айта кетейік, Италияда өткен Олимпиада ойындарында 21 жастағы Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 5-орында тұрған. Алайда еркін бағдарламада керемет өнер көрсетіп, барлық қарсыласын артта қалдырып, алтын медаль жеңіп алды.

Бұл жүлде Қазақстан үшін тәуелсіздік жылдарындағы Қысқы Олимпиададағы екінші алтын болып отыр. Бұған дейін алғашқы алтынды Владимир Смирнов 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында 50 шақырымдық жарыста жеңіп алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам