Шайдоровқа 250 млн теңгеден астам қаражат бөлінген
Туризм және спорт министрлігі Милан-Кортина Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған қазақстандық Михаил Шайдоровқа қатысты мәлімдеме жасады.
Белгілі болған дерек бойынша, спортшыны төртжылдықтың басты ойындарына даярлау үшін 250 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.
«2025 жылы Михаил Шайдоровы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңгені құрады. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді. 2025 жылы спортшының жалпы еңбекақысы 33 989 000 теңгені құрады», - деп жазылған министрлік мәліметінде.
Сонымен бірге, спортшының жеке бапкері Алексей Урмановтың 2025 жылғы еңбекақысы 26 000 000 теңгеден асқаны айтылды.
Естеріңізде болса, Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық Михаил Шайдаров чемпион атанған болатын. Ол ел спортшылары арасында қысқы Олимпиададан араға 32 жыл салып алтын медальға қол жеткізді.