Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Небәрі 10 секундта екі гол жіберіп алған «Қайрат» Испания чемпионынан ұтылды

23.02.2026, 22:28

Кездесу Алматыда өтті.

Небәрі 10 секундта екі гол жіберіп алған «Қайрат» Испания чемпионынан ұтылды
instagram.com/afckairat

Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матч өтті. Қазақстан чемпионы «Қайрат» өз алаңында Испания чемпионы «Картахенаны» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу қожайындар үшін сәтті басталған. 20-минутта командаға бір ай бұрын ғана қосылған қақпашы Вандесон алға шығып, есеп ашты. Алайда араға небәрі он секунд салып алматылықтар екі бірдей гол өткізіп алды. Алдымен Дарио Хиль таразы басын теңестірсе, артынша Жуниньо «Картахенаны» алға шығарды. Осылайша матч тағдырын шешкен қос гол көзді ашып-жұмғанша соғылды.

Қарымта ойын 7 наурыз күні Испанияда өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 00:30-да.

Айта кетейік, өткен маусымда «Қайрат» дәл осы «Картахенаны» жартылай финалда 3:2 есебімен жеңген еді.

Ал 24 ақпанға қараған түні (00:30) «Семей» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ширек финалдық кездесуін өткізеді. Қазақстандық клуб Францияда «Этуальмен» ойнайды. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Чемпиондар лигасының ширек финал жұптары:

• «Қайрат» – «Картахена»

• «Семей» – «Этуаль»

• «Пальма» (Испания) – «Рига» (Латвия)

• «Бенфика» (Португалия) – «Спортинг» (Португалия)

Ширек финал жеңімпаздары 8-10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтетін Төрттік финалда бақ сынайды.

Өткен маусымда «Қайрат» финалға дейін жетіп, испаниялық «Пальмаға» есе жіберген еді. Ал «Семей» элиталық кезеңнен ары аса алмаған. Биылғы маусымда УЕФА рейтингінде үздік төрттікке енген Португалия, Испания, Қазақстан және Украина екі клубтан қатыстыру құқығына ие болды, қалған елдер бір-бір командадан ғана ұсынды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам