Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды

26.02.2026, 12:02

Қазақстан атынан тек Диас Жиренбаев барады

Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды
Getty Images

Миланда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Прагада өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына алдын ала берілген тізіміне енбей қалды. Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайты жазды.

Чехия астанасында әлем чемпионаты 24-29 наурыз күндері аралығына өтеді деп жоспарланған. Ерлер арасындағы жекелей сында 36 спортшы тіркелсе, Қазақстан атынан тек Диас Жиренбаевтың есімі енді.

21 жастағы Шайдоров Миланда өткен Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында 291,58 ұпай жинап, сенсациялық түрде чемпион атанған еді. Бұл Қазақстанның 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиададағы алғашқы алтын жүлдесі болып отыр.

Олимпиададан кейін елге оралған Михаил Шайдоровты мемлекет басшысы марапаттады. Бұдан бөлек, оған Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер берілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам