Ол бес Олимпиадаға қатысқан.
Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарында төрт рет жүлдегер атанған Әзербайжанның танымал балуаны Мария Стадник спортты мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке тағайындалды.
Бұл туралы танымал балуан өзіне сенім артқаны үшін елдің күрес федерациясының басшылығына алғысын білдірді.
«Мені U-15 және U-17 командаларының бас бапкері қызметіне тағайындағандарыңыз үшін үлкен рақмет. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе. Жарыстарда өнер көрсеткен кезде мені жақсы көріп, қолдау білдірген жандардың көп болғанын білемін. Енді өмірімнің осы жаңа кезеңінде де сіздердің қолдауларыңызға үміт артамын», - деді Мария Стадник.
Мария Стадник Украинада дүниеге келген. Ол 2007 жылға дейін сол елдің атынан күресіп, кейін Әзербайжан құрамасына ауысты. Оның Әзербайжан спортшылары арасында үмітті ақтаған легионер ретінде есімін ерекше атауға болады. Мәселен, Украинадан барған Марина Стадник әйелдер күресінен 5 Олимпиадаға қатысып, 2 мәрте күміс, тағы екі ретте қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, әлем чемпионатында алты рет жүлде алса, Еуропа біріншілігінде 10 рет топ жарды. Сонымен бірге, Еуропа ойындарында екі рет чемпион атанған.
Ол әйелдер күресінен Олимпиада жүлдесін 4 рет иленген әлемдегі үшінші балуан. Бұған дейін Жапонияның екі балуаны 2004-2016 жылдар арағындағы 4 Олимпиадада қатарынан жүлде алған еді.