Ол канадалық спортшыға есе жіберді.
Ташкент қаласында (Өзбекстан) басталған дзюдодан беделді халықаралық Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні де Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды.
81 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған қазақстандық балуан Мәди Амангелді жүлдеге таласу мүмкіндігін пайдалана алмады. Ол 1/16 финал кезеңінде қытайлық Цзяннан Ван қарсыласынан жеңіліп қалды.
Бұған дейін дәл осы салмақта тағы бір отандасымыз Аскар Нарқұлов та алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді. Ол канадалық спортшыға есе жіберді.
Осылайша, 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының барлық өкілдері турнирді ерте аяқтап, медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.
Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы күнінде 60 және 66 келі салмақ дәрежелерінде белдескен төрт бірдей қазақстандық спортшы алғашқы белдесулерінде жеңіліп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.