Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бапкердің қателігі ме?»: Ташкент Гранд слэмінің екінші жарыс күнінде қазақ балуандары жаппай жеңілді

28.02.2026, 14:23

1 наурыз күні жарыс жолына тағы 4 балуанымыз шығады. 

«Бапкердің қателігі ме?»: Ташкент Гранд слэмінің екінші жарыс күнінде қазақ балуандары жаппай жеңілді
ijf.org

Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан құрамасының 4 балуаны тегіс  жүлдеден тыс қалды.

Олардың үшеуі бірінші айналымда сүрінсе, біреуі екінші айналымда оңбай жеңілді. Мәселен, 73 келіде белдескен Әнуар Жұмагелдин бірінші белдесуінде румына балуанына шамасы жетпеді. Ал осы салмақта күрескен Аңсарбек Ғайнулин неміс балуанын жеңгенімен, екінші кездесуінде жапон балуанынан өте алмай жанкүйерлер алдында ұятты болды.

81 келіде Асқар Нарқұлов бірінші кездесуінде Канада балуаны Франсуа Готье Драподан жеңіліп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды. Аталған салмақта Мәди Амангелді алғашқы айналымда Қытай балуаны Цзяннань Ванға қарсы қауқар таныта алмады.

Осылайша, ұлттық құрама балуандар Ташкент турнирінде екі күн қатарынан ширек финалға жете алмай, үйге қайтқалы отыр.

1 наурыз күні жарыс жолына тағы 4 балуанымыз шығады. Айта кететін жайт, өткен жылдың басында ұлтты құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов қызметінен кетіп, орнына спорттық мансабын аяқтағанына көп болмаған тәжірибе аз бапкер Роберт Мшвидобадзе тағайындалған еді. Алайда оның жетекшілігімен ұлттық құрама балуандары әзірге ірі жарыстарда алтын медаль иелене алмай келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам