Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жәмилә Бақбергенова Албаниядағы жарыстың жартылай финалына шықты

28.02.2026, 19:20

Албания астанасы Тиранада Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық рейтингілік турнир жалғасуда.

Жәмилә Бақбергенова Албаниядағы жарыстың жартылай финалына шықты
©uww.org

Тиранада өтіп жатқан халықаралық турнирде Жәмилә Бақбергенова жартылай финалға шықты.

Албания астанасы Тиранада Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық рейтингілік турнир жалғасуда.

Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысты «В» тобында бастады. Ол алғашқы белдесуінде польшалық Виктория Чолуйді 4:3 есебімен жеңсе, кейін Түркия өкілі Бусе Джавушоглу Тосуннан 6:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, Жәмилә жартылай финалға жолдама алды. Енді финал жолдамасын үндістандық балуан Дикша Маликпен сарапқа салады.

Айта кетейік, бұған дейін Тиранадағы рейтингілік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова (50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (55 кг) алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам