Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жәмилә Бақбергенова рейтингтік турнирде чемпион атанды

28.02.2026, 23:29

Бұл - қыздар құрамасының үшінші алтыны. 

Жәмилә Бақбергенова рейтингтік турнирде чемпион атанды
ҚР ҰОК

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өткен рейтингтік турнирде топ жарды.

72 келінің финалдық белдесуінде ол Қырғызстан өкілі Нурзат Нуртаевамен күш сынасты. Жекпе-жек барысында Жәмилә айқын басымдық танытып, қарсыласын 14:3 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің алтын жүлдесін еншілесе, Нуртаева күміс медальмен шектелді.

Бақбергенова финалға дейін Польша балуаны Виктория Холуйдан – 4:3 есебімен, Түркия спортшысы Бусе Тосуннан – 6:1 есебімен, Үндістан өкілі Дикша Маликтен 10:0 есебімен басым түскен.

Айта кетейік, Жәмилә Бақбергенова – әлем чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері (үш күміс, бір қола) және Азияның төрт дүркін чемпионы.

Бақбергенованың жеңісі әйелдер құрамасының үшінші алтыны болды. Бұған дейін 50 келіде Зейнеп Баянова мен 55 келіде Лаура Алмағанбетова чемпион атанған еді.

Сонымен қатар Нилуфар Раимова (57 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам