Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мейіржан Шермаханбет Албаниядағы турнирде топ жарды

Бүгін, 01:02

Ол финалда грузиялық балуанды жеңді. 

Мейіржан Шермаханбет Албаниядағы турнирде топ жарды
ҚР ҰОК

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінде қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет (67 кг) чемпион атанып, ел қоржынына грек-рим күресінен алғашқы алтын медальді салды.

67 келінің финалында Шермаханбет грузиялық Диего Чхиквадземен белдесті. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Мейіржан алтын медаль иеленсе, қарсыласы күміс жүлдемен шектелді.

Шермаханбет турнир барысында бірнеше мықты қарсыласын артта қалдырды. Атап айтқанда, ол эквадорлық Андрес Роберто Монтаньо Арройоны – 9:0, әзербайжандық Махаммад Шукурзадені – 4:0, ал грузиялық Джони Хецурианиді 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық балуан барлық белдесуінде сенімді өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа лайық екенін дәлелдеді.

Бұған дейін еркін күрестен Болат Сақаев (86 кг), Азамат Дәулетбеков (92 кг) пен Ризабек Айтмұхан (97 кг) қола жүлдегер атанса, әйелдер күресінен Зейнеп Баянова (50 кг), Лаура Алмағанбетова (55 кг) мен Жәмилә Бақбергенова (72 кг) чемпион атанған еді. Одан бөлек Нилуфар Раимова (57 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам