Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

АҚШ-та қаруланған екі адам «Канзас-Сити» жанкүйерлеріне оқ жаудырып, 30 адамды атып тастады (ВИДЕО)

15.02.2024, 10:34

800 полицей қанды қылмыстың алдын ала алмады

АҚШ-та қаруланған екі адам «Канзас-Сити» жанкүйерлеріне оқ жаудырып, 30 адамды атып тастады (ВИДЕО)
SK

Америкалық футболдан дәстүрлі Супербоулды жеңіп алған «Канзас-Сити» командасының жанкүйерлері жеңісті тойлау кезінде суық қаруланған екі адамның шабуылына ұшырады.

Оқиға Канзас-Сити қаласының орталық алаңында болды. Жеңіс парадына келген халыққа белгісіз екі адам суық қарудан оқ жаудырған. 

«Сахнадан ойыншылар Трэвис Кэлси мен Патрик Махоумс кеткеннен кейін екі ер адам адамдарды ата бастады», - делінген Daily Mail таратқан хабарламада.

Басылымның мәліметінше, кемі 29 адам жарақат алған, олардың тоғызы кішкентай бала. Сегіз адамның жағдайы ауыр.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр. Онда қарақшыларды полиция емес, қарапайым адамдардың ұстағаны анық көрінеді.

Мерекелік шеруді күзетуге барлығы 800 полицей келген екен. Алайда, олардың ешбірі қанды оқиғаны алдын ала алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам