UFC президенті Ақ үйдің баспасөз хатшысы болудан бас тартты

Трамп UFC өкілдерін өз командасына қосуды көздейтінін мәлімдеген

EPA
EPA

UFC президенті Дана Уайт АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметін атқару туралы ұсынысын қабылдамаған. Бұл туралы CNN өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Ал The Washington Post басылымының мәліметінше, Трамптың ұсынысы әзіл ретінде айтылған.

Бұған дейін АҚШ президенті Truth Social желісіндегі парақшасында Уайтты «жалынды жауынгер әрі күрескер» деп атап, оған Ақ үйдің баспасөз хатшысы болуды ұсынғанын жазған. Сондай-ақ Трамп UFC-дің қазіргі және бұрынғы өкілдерін өз командасына қосуды көздейтінін мәлімдеген. Олардың қатарында ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев, бразилиялық Аманда Нуньес, америкалық Дэниел Кормье, Джастин Гейджи және Кайла Харрисон бар.

Уайт та Instagram Stories желісінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы бейнесіндегі суретін жариялап, оған «Жаңа тарауға» деп жазған.

Кейін баспасөз мәслихатында UFC басшысы бұл мәселеге қатысты сауалға нақты жауап бермеді. Дегенмен ол жақын арада Вашингтонда Дональд Трамппен кездесетінін растады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметі Кэролайн Левитт қазан айында қызметінен кеткеннен кейін бос тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам