Екі балуан АҚШ-тағы әлем чемпионатында финалға жолдама алды

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

UWW
UWW

Қазақстандық грек-рим күресінің балуандары Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

60 келіге дейінгі салмақта белдесетін Айбек Айтбеков жартылай финалда украиналық Евгений Поковбоймен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Юсуф Ашрапов та жартылай финалда жеңіске жетті. Ол бұл кезеңде Түркия өкілі Ибрахим Өздемирден басым түсіп, әлем чемпионатының финалына шықты.

Енді Айбек Айтбеков алтын медаль үшін әзербайжандық Эльмир Алиевпен белдеседі. Ал Юсуф Ашраповтың қарсыласы армениялық Гаспар Тертерян болады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының екі өкілі де әлем чемпионатының алтын жүлдесін сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам