Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді

Шерзод Давлатов IJF рейтингінде үздік ондыққа енді

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде үздік ондыққа енді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы бірден 15 сатыға көтеріліп, тоғызыншы орынға жайғасты. 

Жаңартылған рейтингте Давлатовтың еншісінде 3263 ұпай бар. Ал бұл салмақ дәрежесіндегі көшбасшы – 5180 ұпай жинаған Әзербайжан өкілі Ахмед Юсифов. Екінші орынды да осы елдің дзюдошысы Балабей Ағаев 4823 ұпаймен иеленсе, үшінші сатыда дәл осындай ұпайы бар ресейлік Аюб Блиев тұр.

Қазақстанның тағы бір танымал дзюдошысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те осы салмақта өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта ол 252 ұпаймен әлемдік рейтингтің 115-орнында орналасқан.

Айта кетейік, Шерзод Давлатов Бакуде өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Ол Қазақстан құрамасына осы біріншіліктегі жалғыз жүлдені әкелді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам