Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова Ақтауда татамиге шығады

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан Азия ашық кубогы өтеді

Өзбекстан ҰОК
Өзбекстан ҰОК

17–18 қазанда Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан Азия ашық кубогы өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген жарысқа жеті елден 230 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Турнирде Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстанның ерлер мен әйелдер құрамалары бақ сынайды. Жарысқа Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова да қатысады. Бұл ол үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарыс болмақ.

Азия ашық кубогының жүлдегерлеріне әлемдік рейтинг ұпайлары беріледі. Алтын медаль иегері 100, күміс жүлдегер 70, қола жүлдегер 50 ұпай еншілейді.

Жарыс бағдарламасы:

17 қазан

  • Ерлер: −60, −66, −73 кг.
  • Әйелдер: −48, −52, −57, −63 кг.

18 қазан

  • Ерлер: −81, −90, −100, +100 кг.
  • Әйелдер: −70, −78, +78 кг.

Айта кетейік, турнир Ақтауда екі күн бойы өтеді. Жарысқа қатысушылар әлемдік рейтингтегі ұпайларын толықтыруға мүмкіндік алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам