Қазақстанның шахматшы қыздарына 100 миллион теңге сыйақы беріледі

Әр шахматшыға 20 миллион теңгеден беріледі

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан шахмат федерациясы Самарқандта өткен 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс жүлде иеленген әйелдер құрамасына 100 миллион теңге көлемінде сыйақы төлейді. 

Қазақстан құрамасы сапында күміс медаль жеңіп алған Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиеваның әрқайсысы 20 миллион теңгеден сыйақы алады.

Федерация құраманың бапкерлерін де марапаттайды. Команда капитаны әрі бас бапкер Павел Коцур мен бапкер Александр Моисеенкоға 20 миллион теңгеден, ал Арыстанбек Оразаевқа 5 миллион теңге беріледі.

Осылайша, шахматшылар мен бапкерлерге төленетін сыйақының жалпы көлемі 145 миллион теңгені құрайды.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында да екінші орын иеленген. Сол кезде де әр шахматшыға 20 миллион теңгеден сыйақы берілген.

Қазан айының басында Самарқандтан оралған Алуа Нұрман Дүниежүзілік шахмат олимпиадасындағы нәтиже үшін мемлекеттік сыйақы қарастырылмағанын айтып, мәселе көтерген болатын.

Шахматшының сөзінше, Алматыдағы спорт мекемелерінің қызметкерлері оған бұл жарыс тиісті төлемдерге құқық беретін жарыстар тізіміне кірмейтінін түсіндірген. Сондай-ақ олимпиададағы нәтиже ай сайынғы төлем тағайындауға негіз болмайтыны айтылған.

Осыған байланысты Алуа Нұрман әлемдік шахматтағы басты командалық жарыстардың бірін тиісті тізімге енгізу мәселесін көтерді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам