Диёра Келдиёрова Ақтауда өткен турнирде алтын алды

Бұл 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми жарысы болды

Olympic.uz
Olympic.uz

Өзбекстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол әзербайжандық Фарида Мирзаевамен белдесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша, Келдиёрова жарыстың алтын медалін иеленді.

Бұл салмақта Қазақстан құрамасының өкілдері Нұрайлы Сәрсенбек пен Гүлхан Шыңғысхан қола жүлдеге қол жеткізді.

Ақтаудағы турнир Өзбекстан спортшысы үшін Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми жарыс болды. Ол бала босануына байланысты спорттық мансабында үзіліс жасаған еді.

Айта кетейік, дзюдодан ашық Азия кубогы Ақтауда 17–18 қазан күндері өтіп жатыр. Жарысқа жеті елден 180-нен астам спортшы қатысуда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам