АҚШ-та сенсация: қазақ балуаны америкалық әлем чемпионын жеңді

Мерей Базарбаев әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты

instagram.com/merey_bazarbayev
instagram.com/merey_bazarbayev

Қазақстандық еркін күрес шебері Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жүлде үшін күреседі.

Қазақстандық балуан 1/8 финалда қазіргі әлем чемпионы, америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен жеңіп, жарыстың басты сенсацияларының бірін жасады.

Ширек финалда Базарбаев француз балуаны Расул Гальбураевты 13:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңсе, жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 5:0 есебімен ұтты.

Енді қазақстандық спортшы финалда Түркия өкілі Бекир Кесермен кездеседі. Бұл салмақтағы жүлделі орындар үшін белдесулер жергілікті уақыт бойынша бүгін кешке өтеді.

Айта кетейік, Мерей Базарбаев бұған дейін де әлем чемпионатының финалына шыққан. 2022 жылы ол U20 санатындағы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам