Жавохир Синдаров әлем чемпионатының алғашқы партиясын бастады

Telegram WhatsApp

Матчтің жалпы жүлде қоры – 2,5 миллион доллар

Salvatore Di Nolfi/Keystone via AP
Salvatore Di Nolfi/Keystone via AP

Швейцарияның Женева қаласының маңында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың алғашқы партиясы басталды. Қазіргі әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджу Өзбекстан өкілі Жавохир Синдаровпен кездесіп жатыр.

Salesforce FIDE World Championship 2026 матчі Колоньи қаласындағы Мартин Бодмер қорының кітапханасында өтіп жатыр. Бұл кездесу классикалық шахмат тарихындағы қатысушылары ең жас әлем чемпионаты матчы ретінде тіркелді. Екі гроссмейстер де 20 жаста.

Егер Синдаров жеңіске жетсе, классикалық шахматтан әлемнің 19-чемпионы атанады. Ал Гукеш титулын қорғай алса, әлемнің 18-чемпионы мәртебесін сақтап қалады.

Алғашқы партия алдында дәстүрлі символикалық жүрістер рәсімі өтті. Ақ фигуралармен алғашқы жүрісті FIDE президенті Тимур Турлов жасаса, қаралармен жауапты жүрісті федерация вице-президенті, шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд орындады.

Осыдан кейін шахматшылар тақтаға отырып, ойынды бастады. Алғашқы жүрісті ақ фигуралармен ойнап отырған Жавохир Синдаров жасап, король пешкасын екі торға жылжытты (1.e4).

FIDE регламентіне сәйкес, матч ең көп дегенде 14 классикалық партиядан тұрады. Әлем чемпионы атану үшін қатысушылардың бірі 7,5 ұпай жинауы керек. Егер негізгі кезең 7:7 есебімен аяқталса, 12 желтоқсанға жоспарланған тай-брейкте жеңімпаз анықталады.

Матчтің жалпы жүлде қоры – 2,5 миллион доллар.

Айта кетейік, Жавохир Синдаров биыл сәуірде Кипрде өткен үміткерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағы үшін бақ сынауға мүмкіндік алған еді.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 56 422 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 260 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 504 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 573 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 274 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 163 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 277 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 815 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 497 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 324 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 477
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›