Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Олимпиада қатысушыларының киімі демеушілер есебінен тігіледі – Маржықпаев

14.05.2024, 14:42

Алайда, министр осыншама мәрт адамның кім екенін айтқан жоқ

Олимпиада қатысушыларының киімі демеушілер есебінен тігіледі – Маржықпаев
Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасына баратын спортшылардың киімі толықтай демеушілер есебінен тігілетінін айтты.

«Париж Олимпиадасында спортшылар киетін киім толықтай демеушілер есебінен дайындалып, тігіледі. Бюджеттен бір теңге де алынбайды. Құрамаға жанкүйерлік танытатын адамдар осылай қолдау көрсетуге ниет білдірді», - деді министр.

Ведомство басшысы бір киімнің құны қаншаға шығатынын айта алмады.

«Бұл туралы айта алмаймын, себебі білмеймін. Демеушілер де, біз де киімнің уақтылы тігілетініне кепілдік береміз. Бұған дейінгі барлық олимпиадада киім спортшыларға жарыстан бірер күн бұрын ғана берілетін. Бұл жолы шілде айының басында киімдер толық дайын болады деп жоспарлап отырмыз», - деді Маржықпаев.

Еске салайық, бұған дейін министрлік Олимпиада ойындарында киетін киімдердің дизайнына байқау жариялаған болатын. Алайда, байқауға келіп түскен нұсқалар қоғамда сынға ұшырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам