Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Ауыратлет Аянат Жұмағали жастар арасында әлем чемпионы атанды

26.05.2024, 14:06

Қазақстан қоржынында екі алтын, бір күміс жүлде бар

Ауыратлет Аянат Жұмағали жастар арасында әлем чемпионы атанды
Ауыр атлетика федерациясы

Перуде ауыр атлетикадан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Аянат Жұмағали топ жарды.

Ол 76 келіде бақ сынап, барлық сын бойынша үздік шықты. Отандасымыз жұлқа көтеруде 97 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 125 келіні бағындырды. Жалпы сомасы 222 келіні тіркеген ол өз салмағында әлем чемпионы атанып отыр.

Перу астанасы Лима қаласында өтіп жатқан дүниежүзілікі біріншілікте Нұрдос Сабыр 89 келіде әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, 67 келіде Ақжол Құрманбек күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Бұдан бөлек, осы жарыста Анна Нұрмұхамедоваға араға 12 жыл салып, Лондон Олимпиадасынының күміс жүлдесі ресми түрде табысталды.

Лимадаға жастар додасына әлем бойынша 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам