Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ресейдің мықты спортшылары шетелге «қашып жатыр»

28.05.2024, 16:19

Қазақстанға көшіп келгендері де бар

Ресейдің мықты спортшылары шетелге «қашып жатыр»
Global Look Press

Әлемдік спорт ұйымдарының Ресейге салған санкциялары салдарынан елдегі мықты спортшылар жан-жаққа шашырап жатыр. Әсіресе, мәнерлеп сырғанау спортындағы жас таланттар посткеңестік елдердің азаматтығын ала бастаған.

Матч ТВ арнасының мәліметінше, 15 жастағы Софья Титова Армения құрамасына ауыспақшы. Ол бұған дейін Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан (ФФККР) жеңілдік алған.

Титова – екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенконың шәкірті. Мәнерлеп сырғанаушы Ресей жастары Гран-приінің кезеңіндерінде топ жарған. Мәскеу қалалық чемпионатының жүлдегері болды.

Бұған дейін Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясы Софья Самоделкинаның Қазақстанға ауысуына, Екатерина Гейниш пен Дмитрий Чигирев жұбының Өзбекстанның намысын қорғауына және Аннабель Морозовтың АҚШ-тың атынан өнер көрсетуіне рұқсат берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам