Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Пәтерім тар, Олимпиаданы жеңсем кеңейтіп, қалған ақшасына автокөлік алам – Абиба Әбужақынова

28.05.2024, 13:06

Ол дзюдодан әлемдік рейтингте төртінші орында тұр

Пәтерім тар, Олимпиаданы жеңсем кеңейтіп, қалған ақшасына автокөлік алам – Абиба Әбужақынова
Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында Олимпиадаға жоспарымен бөлісті. Әңгіме барысында ол жеңімпаз атанған жағдайда мемлекет беретін қаражатты қалай жұмсайтынын да айтып берді.

– Егер жеңімпаз атансаңыз мемлекет сізге пәтер мен 250 мың доллар сыйақы береді. Бұған қалай қарайсыз?

– Ішінде жөндеуі аяқталмаған пәтер беретін шығар (күліп). Егер Парижде жүлде алып жатсам, пәтерді өзім сатып алам. Қазіргі тұрып жатқан үйім тар, соны кеңейткім келеді. Ал, қалған ақшасына автокөлік алам, - деді әйгілі дзюдошы қыз.

Еске салайық, жуырда ғана Абу-Дабиде аяқталған әлем чемпионатында Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанған болатын. Жарыстан кейін ол «Бірінші бол» тілшісіне сұхбат беріп, жеке өмірі мен спорттағы достары туралы айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 38
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам