Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Ресейлік легионер спортшы Қазақстанға Олимпиада лицензиясын әкелді

28.05.2024, 23:13

Ол Қазақстанға 2021 жылы көшіп келіп, Ақтөбе облысы атынан жарыстарға шығып жүр

Ресейлік легионер спортшы Қазақстанға Олимпиада лицензиясын әкелді
olympic.kz

Қақақстан азаматтығын алған ресейлік триатлоншы Екатерина Шабалина Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. 26 жастағы спортшы Парижде біздің елдің намысын қорғайды.

Айта кету керек, Шабалина 2021 жылдан бері Ақтөбе облысының атынан жарыстарға шығып жүр. Оның олимпиадалық лицензиясы облыс үшін екінші лицензия. Бұған дейін балуан Юсуп Батырмырзаев Қырғызстандағы турнирде жолдамаға ие болған еді.

«Туған күнім қарсаңында мен ең басты сыйлыққа ие болдым… Ол – Олиимпиада лицензиясы! Маған өзімнен артық сенген барлық туыстарыма көп рахмет! Сіздердің қолдауыңыздың арқасында мен осы деңгейге жеттім… Бұл менің спорттық өмірімнің басты мақсаты болды, мен бұл маңызды және қызықты кезеңді құшағымды айқара ашып қабылдаймын. Рақмет! Алда менің басты спорттық іс-шарама екі айлық дайындық бар. Тек алға!» - деп жазды Шабалина Instagram-парақшасында.

Шабалина Екатеринбургте туып, 17 жасында триатлонмен айналыса бастады. 2021 жылы Қазақстан азаматтығын алды. Ол – Азия чемпионы және Еуропа Кубогының жеңімпазы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам