Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық брейкингші Олимпиаданың тарихи жолдамасын иеленді

24.06.2024, 09:15

Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болғалы отыр

Қазақстандық брейкингші Олимпиаданың тарихи жолдамасын иеленді
olympic.kz

Қазақстандық Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш отандық атлет атанды деп жазады Olympic.kz.

Ол Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр. Амир финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкіліне есе жіберді. Күміс жүлдемен қатар, спортшы олимпиадалық квота иеленген жайы бар.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинады. Жерлесіміз бұған дейін Шанхайдағы додада 15-орынға тұрақтаған еді.

Париждегі ойын бағдарламасына брейкинг алғаш еніп отыр. Бұл ретте Закирдің квотасы тарихи жолдама саналады. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болғалы отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам