Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Жолы болды»: лицензиялық турнирлерде жеңіліп қалған балуан бәрібір Олимпиадаға қатысады

28.06.2024, 09:42

ХОК Ресей мен Беларусь балуандарын жазалады

«Жолы болды»: лицензиялық турнирлерде жеңіліп қалған балуан бәрібір Олимпиадаға қатысады
Wrestlersarewarriors.com

Еркін күрестен 74 келіде күресетін Италия балуаны Франк Чамизо Париж Олимпиадасының басталуына тура бір ай қалғанда жолдамаға ие болды. Ол бұған дейін өткен лицензия беретін үш турнирде сәтсіздікке ұшырап, аталған мүмкіндіктен тыс қалған еді.

Таяуда Халықаралық Олимпиада комитеті 74 келіде күресетін Ресей және Беларусь балуандарының Олимпиадаға қатысуына шектеу қойып, олардың жолдамасын басқа елдің құрамасына беретінін мәлімдеген еді. Бұл орайда Италия атынан күресетін Куба елінің өкілі Франктің бағы жанды. Ол сәуір айының басында Бакудегі турнирде шешуші белдесуде әзірбайжандық Тұран Байрамовқа нәтижелі әдіс жасаса да оған төрешілер тиісті ұпайын бермеген еді. Осыдан кейін ол Стамбұлда өткен бүкіләлемдік лицензиялық турнирде сәтсіздікке ұшырап, жолдамадан тағы да тыс қалды.

Ал, Ресей атынан күресетін Токио Олимпиадасының чемпионы Заурбек Сидаков пен Беларусь балуаны, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Магомедхабиб Кадимагомедов аяқ астынан ХОК «қаһарына» ұшырап, маңызды жарыстан тыс қалып отыр.

Енді аталған балуандардан кері қайтарылған екінші жолдама да өз иесін табады. Бұл салмақта өнер көрсететін Нұрқожа Қайпанов үш турнирге қатысып, барлығында лицензияға қол жеткізе алмады. Алайда, оның жолдамадан үміті аздау.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам