Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Мен түсінетін тілде сөйле»: қазақстандық танымал автопилот қазақша сөйлеуден бас тартты

03.07.2024, 09:49

Қазақ тілінде сұрақ қойған жас бала Чекменевтен ұрыс естіп қалды

«Мен түсінетін тілде сөйле»: қазақстандық танымал автопилот қазақша сөйлеуден бас тартты
instagram.com/artem.chekmenev

Артем Чекменев – Қазақстандағы Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі. Әлеуметтік желіде оның қазақ тілінде сөйлеуден бас тартып, дауласып жатқан видеосы таралып жатыр.

Ер адамдар арасында дауға не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен, қазақ тілінде сұрақ қойған жас бала Чекменевтен ұрыс естіп жатқанын көруге болады.

«Сен мен түсінетін тілде сөйле, әйтпесе менімен мүлде сөйлеспе, ұқтың ба? «Ей» деп әйеліңе айтасың. Сен орыс тілін түсінбейсің ғой, братан», – дейді ол.

Қазір Артем Чекменев Instagram парақшасындағы соңғы посттарға пікір қалдырмайтындай етіп қойған. Дегенмен, желі қолданушылары оның бұрын шыққан жазбаларына неліктен қазақ тіліне қарсы екенін сұрап, пікір жазып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам