Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақша сөйлеуден бас тартқан автопилот Чекменев іс-шаралардан шеттетілді

04.07.2024, 18:51

Қазақ тілінде сұрақ қойған жас бала Чекменевтен ұрыс естіп қалған еді

Қазақша сөйлеуден бас тартқан автопилот Чекменев іс-шаралардан шеттетілді
instagram.com/artem.chekmenev

Gorilla Energy Kazakhstan компаниясы Gorilla Drift Championship басшысы Артем Чекменевтің қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан видеосына ресми пікір білдірді.

Gorilla Energy-дің мәліметінше, оқиға 2 маусымда республикалық драг-жарыс турнирінде болған. 

Gorilla energy осы спорттық іс-шараның ресми демеушісі әрі ұйымдастырушысы емес екенін ескере отырып, біздің пікір қосқанымыз дұрыс болмайды деп санаймыз. Сондай-ақ, Артем Чекменев Gorilla energy компаниясының ресми бренд-елшісі емес екенін хабарлаймыз, өйткені онымен келісімшарт 2021 жылы аяқталған. Қазір тараптарда өзара міндеттеме жоқ, - делінген хабарламада.

Компания Артем Чекменевті Gorilla Drift Championship іс-шараларынан уақытта шеттетті. 

Қазіргі жағдайларды ескере отырып, біз Артем Чекменевті осы оқиғаны ішкі тергеу аяқталғанға дейін Gorilla Drift Championship пен біздің брендке қатысты басқа да спорттық іс-шараларды өткізуде барлық ұйымдастырушылық мәселелерден уақытша шеттету шешім қабылдадық, - деп хабарлады компания.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам