Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

UFC-де жолы болмаған Жұмағұловқа бокстан Олимпиада чемпионы нокаутқа түсіруді үйретті

05.07.2024, 10:43

Жұмағұлов Елеусіновтен жойқын соққы жасаудың тәсілін меңгеріп жүр

UFC-де жолы болмаған Жұмағұловқа бокстан Олимпиада чемпионы нокаутқа түсіруді үйретті
x.com/ZhakoZhumagulov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге жаттығу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Жұмағұлов бұл ретте Елеусіновтен жойқын соққы жасаудың тәсілін меңгеріп, октагонда қарсыласын сұлатып түсіруге машықтанып жатқанын айтып отыр.

«Бүгін боксшылар залында Олимпиада чемпионы, өзімнің досым Даниярмен жаттығу жасадым. Болашақта қарсыластарымды нокаутқа түсіру үшін қолымды үйретіп жатырмын», - деп жазды спортшы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

36 жастағы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global лигасында өнер көрсетіп, кейін Дана Уайтпен келісімшарт жасап, UFC 251 октагонында сынға түсті. Ол UFC-де 7 жекпе-жек өткізгенімен, оның тек біреуінде ғана жеңіске жете алды.

Ал 2023 жылдың желтоқсан айында NFC 55 - Naiza Fighter Championship 55 лигасында өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Соңғы рет аталған промоушнде биылғы ақпан айында АҚШ жауынгері Кливленд Маклинмен шеберлік байқасып, төрешілер шешімі бойынша басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам