Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстанның сұлу волейболшы қызы Еуропаға кететін болды

10.07.2024, 22:00

Биылғы маусымды Қазақстанда аяқтайды

Қазақстанның сұлу волейболшы қызы Еуропаға кететін болды
Vesti.kz

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Сана Анарқұлова Сербияға кетеді.

34 жастағы қазақстандық волейболшы Сербияның «Уб» клубына ауысу туралы шешім қабылдаған.

«Түркістанның «Тұран» сапында ел чемпионы атанған Анарқұлова карьерасын «Уб» сапында жалғастырады. Сананың болашақ клубы өткен маусымда тұрақты чемпионатта он екі команданың арасынан бесінші орын алған», - делінген insvolley.kz мәліметінде.

Дегенмен Сана маусымды Қазақстанда аяқтап, жаңа командасына қазан айында өтетін клубтық Азия чемпионатында ауыспақ.

Айта кетейік, Сана Анарқұлова волейболдан клубтық Азия чемпионатын Таиландтың «Накхонратчасима» командасымен бірге жеңген, Қазақстан құрамасы сапында Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам