“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Олимпиаданың соңғы жолдамасы бұйырған балуанға ақтөбеліктер көлік сыйлады

18.07.2024, 17:37

Мейрамбек Қартбай 57 келі салмақта белдеседі.

Олимпиаданың соңғы жолдамасы бұйырған балуанға ақтөбеліктер көлік сыйлады
instagram.com/kartbaymeyrambek

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбайға жерлестері темір тұлпар мінгізді.

Париж Олимпиадасының қарсаңында көлікті болған балуан алтын алғысы келетінін айтты.

«Құттықтап жатқан адамдарға барлығына рахмет. Осы қуанышыма себеп болып, үлкен үлесін қосқан ағаларым мен ағайларыма мың алғыс. Бұл мен үшін үлкен сыйлық пен шабыт болды. Алла қаласа, алдағы келе жатқан Париж Олимпиадасында қазақ еліне алтын сыйлағым келеді», - деп жазды Мейрамбек Қартбай.

Еске сала кетейік, күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына барудан бас тартты. Ал ресейліктер сапындағы Заур Угуиев Олимпиада жолдамасын иеленерде біздің Мейрамбек Қартбайдан басым түскен болатын.  Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам