Парижде Елдос Сметовтің ту көтеруіне жарыс ұйымдастырушыларының бірі кедергі келтірген (ВИДЕО)

Telegram WhatsApp

Бұл өз кезегінде жанкүйерлердің наразылығын тудырды

olympic.kz
olympic.kz

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Олимпиада алтынын жеңіп алып, аренада Қазақстан туын алып жүрмек болғанда, жарыс ұйымдастырушылардың бірі оған кедергі келтірмек болған. Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Еске салайық, 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сметов финалда жарыс қожайыны – франциялық Лука Мхеидземен татамиге шығып, жеңіске жеткен болатын. Бұл белдесуді Франция президенті Эмманюэль Макронның өзі келіп тамашалаған.

Осы жеңістен кейін отандасымыз трибунадағы жанкүйерлердің бірінен Қазақстан туын алып, оны желбіретіп жүгіріп өтті. Ал, осы сәтте арнайы киім киген әйел тудың шетін ұстап, тартумен әлек болған. Елдос оған екі рет ескерту жасады.

Tengri Sport басылымының жазуынша, аренада туды желбіретіп жүгіріп өтуге ешқандай тыйым жоқ. Ұйымдастырушылардың неліктен мұндай қадамға барғаны түсініксіз.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 795 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 483 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 535 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 157 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 270 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 806 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 316 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 471