Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан олимпиадалық салмаққа ауысты

Telegram WhatsApp

Енді ол 97 келіде күреседі

olympic.kz
olympic.kz

Еркін күрестен Белградта өткен әлем чемпионатында 92 келіде топ жарған Ризабек Айтмұқан олимпиадалық салмаққа ауысты. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов айтты.

Биыл отандық еркін күрес үшін әлем чемионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальға қол жетіп отыр.

«Әлем чемпионатынан бір алтын, бір қоламен оралдық. Ризабек Айтмұханның араға жылдар салып тарихты жаңартқанын білесіздер. Азамат Дәулетбеков қола медальмен бірге, Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды. Бізге әлі де жолдама керек. Жылдың соңғы жаттығу жиынын балуандар тауда өткізеді. 18 күн бойы тауда жаттығамыз. Жаңа жылда жаңа жарыстар күтіп тұр»

деді бас бапкер

Мадияр Құрамысов жаңа маусым өте жауапкершілікке толы екенін алға тартты.

«Сәуір айында Бішкекте Азияның лицензиялық турнирі өтеді. Сол бәсекеде тағы да екі жолдама жеңіп алуды мақсат етіп отырмыз. Біздің балуандар үшін 57 және 65 келіде лицензия алу қиын болмақ. Себебі, бұл салмақтағы бәсекелестік әлем бойынша өте жоғары. Аталған турнирге үлкен дайындықпен баруды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, рейтингілік турнирлер мен Қазақстан чемпионаты да бар»

деді Құрамысов

Ал келер жылдың басында Астанада өтетін Қазақстан чемпионатында лицензиялық турнирге қатысатын балуандар іріктеледі. Сол сында әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның да 97 келі салмақтағы мүмкіндігі белгілі болмақ.

«Ризабек олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысты. Қазір ол Азамат Дәулетбековпен бірге Осетияда жаттығып жатыр. Бұл салмақта Әлішер Ерғали сынды балуанымыз барын да білесіздер. Кім мықты екені ұлттық чемпионатта шешіледі. Сол бәсекеде кім жеңсе, лицензияға сол таласады»

деді бас бапкер

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 795 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 483 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 535 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 157 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 270 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 806 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 316 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 471