Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Қарсыластарымның бәрі кішкентай болып көрінді»: Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап берді

08.08.2024, 12:49

Даңқты балуан журналистермен кездесуге сақалын қырып, имиджін өзгертіп келді

«Қарсыластарымның бәрі кішкентай болып көрінді»: Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап берді
Фото ашық дереккөзден

Дзюдодан Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов көпшілік арасында талқыға түскен сөздеріне қатысты пікір білдірді.

Күні кеше әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің жақындарының арасында: «Олимпиадада дұғаның қабыл болғанын сезіндім. Қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді» деп айтқан видеосы тараған болатын. Осыдан кейін әр түрлі пікірлер жазылды. Бүгін Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дзюдошыға журналистердің бірі осынау видеоролик пен жұрттың сынынан қатысты пікір сұрады.

«Білмеймін, бұл жерде ешқандай жаман сөз айтылмаған секілді. Уағыз форматында да айтылған дүние емес. Бұл менің басымнан өткен жайт, сол әсерді өзгелермен бөлістім. Арнайы адамдарды жинап, уағыз айту деген мақсат болған жоқ. Жақындарымның арасында, қуанышымды бөлісу мақсатында, жеңіске қалай жеттім, соны жеткізу мақсатында айтылған дүние еді. Бірақ оның бәрі жаман тәрбиеге шақыратын сөздер деп ойламаймын. Өзгелердің шашын, қасын бояп, құлағын тесіп жүргеніне қарағанда, осындай әңгіменің көп болғаны, оның тарағаны дұрыс деп ойлаймын», - деді Елдос Сметов.

Елдос Сметов – үш бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол Риода – күміс, Токиода – қола және Парижде алтын медаль иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам