“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Олимпиадада жүлде алған Өзбекстан спортшыларына сыйақы берілді

13.08.2024, 10:06

Өзбекстан медальдар кестесінде 13-орынға тұрақтады

Олимпиадада жүлде алған Өзбекстан спортшыларына сыйақы берілді
t.me/bugun_sport

Париж Олимпиадасында жүлдегер атанған Өзбекстан спортшыларына сый-сыяпаттар табысталды. ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есепте 13-ші орынға тұрақтаған өзбек спортшыларына бұл жолы ерекше сыйлықтар берілді.

Мәселен, алтын медаль алған 8 спортшыға 200 мың АҚШ доллары көлемінде сыйлық берілсе, Tahoe автокөлігімен мен бірге 2 қабатты үй тарту етілді.

Ал күміс жүлдегерге 100 мың АҚШ доллары және BYD автокөлігі мен пәтер берілді. Қола жүлде иелері де 50 мың АҚШ доллары мен BYD автөлігіне ие болды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында өзбек спортшылары 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде иеленген болатын.

Ал Қазақстан спортшыларына Олимпиада алтыны үшін 250 мың АҚШ доллары, 3 бөлмелі пәтер мен жол талғамайтын шетелдік көлік беріледі. Бұдан бөлек, жеке демеушілер есебінен өте қомақты сыйақылар ұсынылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам