Париждегі сәтсіздіктен кейін реформа басталды
Қазақстан бокс федерациясы Париждегі сәтсіздіктен кейін реформаны бастап кетті. Бүгін бас бапкер Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті.
Есесіне, бокстан спорт шебері, бокстан республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынғали Еділов федерация президентінің кеңесшіаі болып тағайындалды.
Айта кетейік, ғасырлар тоғысында Австралияның Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы жеті боксшымен барып, 4 медаль алған еді. Оның ішінде екеуі алтын болды. Сол боксшыларды баптаған Тұрсынғали Еділов болатын.
Тұрсынғали Еділов 1959 жылы Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған.