Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан әнұранын менсінбеген қырғыздар көкпардан шеттетіледі

13.09.2024, 16:31

Бас төреші Тастанбек Есентаев финалдық ойынның әділ өткенін айтады

Қазақстан әнұранын менсінбеген қырғыздар көкпардан шеттетіледі
kpl.kz

Көшпенділер ойынында көкпардан финалдық бәсекеге қатысты бас төреші Тастанбек Есентаев мәлімдеме жасады. Alash.KZ. ақпарат порталының жазуынша, бас бапкер қырғыздарға шара қолдануды ұсынған.

"Көкпардағы ереже бұзылған сәтті 10 мәрте қарадық. Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы - біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады", дейді бас төреші.

Әнұранға құрмет көрсетпеген, мойындарына таққан медельді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын атап өтті.

"Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл - мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын", – дейді Тастанбек Есентаев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам